Саясат

Польша президенті Сталин мен Гитлердің келісімі туралы айтты

Молотов-Риббентроп пакті есіңізде ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшаның президенті Анджей Дуда Кеңес көшбасшысы Иосиф Сталин мен нацистік Германияның көшбасшысы Адольф Гитлер арасында Польшаны жою мақсатында сөз байласу болды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Bild басылымына берген сұхбатында айтты.

Дуданың айтуынша, мемлекетті басып алу 1939 жылдың тамыз айында Кеңес және неміс тараптары арасында жасалған Молотов-Риббентроп пактісінде айтылды. Ол қызыл әскерді нацистік Германияның бас одақтасы деп атады және құжатқа қол қойылғаннан кейін келесі айда поляк аумағына енгенін еске салды.

Дуда қазіргі уақытта Ресей "бұл туралы ештеңе білмейтіндей" әрекет етіп, сондай-ақ "агрессивті саясатты" жүргізуді жалғастыруда деп айтты. Атап айтқанда, Польша президенті Ресей тарапын Грузия мен Украинаға шабуыл жасады деп айыптады.