Weekend

Жасөспірімнің аяғының өлшемі - 57

Рекордтар кітабына енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия астанасы Берлин қаласының тұрғыны Ларс Мотц Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен өлшемді аяқ киім киетін жасөспірім ретінде тіркелді. 

16 жастағы Ларс есімді  жігітке өлшемі 57 болатын аяқ киім керек екен. Сондықтан да ол аяқ киімдерін тек тапсырыспен тіктіреді. Оның бір жұбының құны 1,2 мың еуроға жетуі мүмкін. Ал шығындары медициналық сақтандыру есебінен жабылады. Ларстың сол аяғының ұзындығы 35,05 см, оң аяғы - 34,98 см-ге жетеді. 

Неміс дүкендерінде болса ондай аяқ киім жоқ, тек тапсырыс арқылы алу керек. Жоғарыда атап өткендей, тапсырыстың бағасы қымбаттау тұрады. Бұдан басқа, жасөспірім жігіт ағаш ұсташылығын үйреніп жатыр екен. Оған да арнайы шеберлер киетін аяқ киім қажет екен. Бұл аяқ киімнің құны 1,8 мың еуро.  Оның шығынын болса, Еңбек басқармасы көтереді.

Ларс тілшілерге берген сұқбатында:

- Рекордтар кітабына енгеніме қуанамын. Десе де, күнделікті өмірде көп қиындықтарға тап болып жатамын. Мәселен, кейде баспалдақпен көтерілгеннің өзі қиын болып кетеді. Көлік жүргізу де қиын, - дейді Ларс.

Оған спортпен айналысу да қиын - хоккей де, футбол да, баскетбол да жас жігітке жарамайды.



Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61