Саясат

Тоқаев адам зорлау және педофилияға қатысты қандай тапсырма берді?

Ауыр қылмыстар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам зорлау және педофилияға қарсы қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды.

"Елімізде ауыр қылмыстар жасалып жатыр. Біз заңнаманы ізгілендіреміз деп, азаматтардың құқығын назардан шығарып алдық. Осыған байланысты зорлау, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстар үшін, әсіресе балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазаны жедел түрде қатаңдату керек. Үкімет пен парламентке осындай тапсырма беремін", - деді Тоқаев өз жолдауында.

Сондай-ақ. президент браконьерлерге қарсы шараларды күшейту керек екенін атап өтті.

"Жақында болған қайғылы оқиға браконьерлік ұйымдасқан қылмыс ретінде қоғамға қауіп төндіретінін көрсетті. Браконьерлер қаруланған, жауапкершілікті сезінбейді. Биылғы жылдың өзінде олардың қолынан екі инспектор көз жұмды. Жуырда Шығыс Қазақстандағы Марқакөл көлінде браконьерлердің жолы кесілді. Бұл бірлі-жарым оқиға ғана. Браконьерліктің тамыры тереңге жайылды. Олар табиғатымызды, ұлттық байлығымызды жойып жатыр. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату шараларын шұғыл түрде қабылдауды тапсырамын", - деді ол.