Weekend

Дариға Назарбаеваның орынсыз сөйлеген сөздері

Сенат спикерінің ағат кеткен кездері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дариға Нұрсұлтанқызы 56 жаста. 1963 жылдың 7 мамырында туған. Саясат ғылымының докторы, тарих ғылымының кандидаты. Өзі опера әншісі. 

2011 жылы Мәскеудің Үлкен театрында "Сәлем, Россия!" деп кәнсерт берген. Сол кезде марқұм Иосиф Кабзон дейтін әнші: "Егер біреу-міреу мені Назарбаевтың қызын тыңдау үшін келді деп ойласа, қателеседі. Мен әнші Дариға Назарбаеваның тыңдауға келдім. Ол профессионал әнші. Ол жәй, ән айтуды үйренген әлдебіреудің қызы емес. Ол кәсіби білім алған, еңбекқор өнерпаз", деген еді. Есімізде. Есімізде демекші, 2013 жылы Дәкеңнің өзі де шетелдік журналистке сұхбат берген. Сопранодан саясатқа қалай ауысқанын сұраған тілшіге: "мен әлі де опера әншісімін, барлығына қатар үлгеремін" деген.

Айтпақшы, ара-тұра аузынан қағылып, орынсыз сөйлеп қояды. Сол үшін де ел-халықтың ішінде сүйкімі жоқтың қасы. Осы ретте біз Сенат спикері Дариға Назарбаеваның ерсілі-қарсылы сөйлеген сол бір сөздерін есімізге түсіре кеткенді жөн көрдік.

Ғалымдарды қараңғы бөлмеге қамап қою керек!

2013 жыл. Наурыз айы.

"Егер ғалымдардың еркіне салып, латын алфавиті қандай болу керек деген мәселені талқылата берсек, олар өзара 50 жыл дауласатын шығар. Сондықтан ғалымдардың бәрін бір қараңғы бөлмеге қамап,  алдарына нан мен суға ғана қойып, бір аптаның ішінде мәмілеге келіңдер деп талап етуіміз керек. Сол кезде ғана олар ортақ мәмілеге келуі мүмкін".

Эти уроды!

2013 жыл. Желтоқсан айы.

Советтік білім жүйесіне оралу керек!

2014 жыл. қазан айы.

"Бізге қосымша, баламалы мектеп оқулықтарын енгізгенімізге он жылдан асқан жоқ па? Осы он жылда неге жеттік? Біріншіден, біз логистиканы бетімен жіберіп алдық. Екіншіден, бұл оқулықтардың сапасы сын көтермейді, саны көп болғанымен сапасы жоқ. Қаптаған оқулық болғандықтан, мұғалімдердің өзі тіпті кейде қай оқулықпен оқытуды білмей дал болады. Демек, бұрынғы советтік жүйеге оралған жөн болар, әрбір пәнге бір ғана оқулық болсын. Сонда ешкімнің де басы қатпайды".

Әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс!

2017 жыл. Желтоқсан айы.

"Қазақстандықтар әлі осындай тікұшақтардың пайдасын білмейтін де шығар. Меніңше, санитарлық және медициналық авиация дамуы керек. Әрбір әкімде, әсіресе, ауыл шаруашылығы маңызды аймақтардың әкімдерінде бір-бір тікұшақтан болуы тиіс. 500 шақырымдық қашықтықты көлікпен бір күнде жүрмей, тікұшақпен 2-3 сағатта ұшып жетуге болады".

Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ!

2018 жыл. Наурыз айы.

"Біз президенттің тапсырмасын орындауға тырысамыз. Орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ. Құдайға шүкір, ондай әлі болмайтын да шығар".

Орыс тілін ұмытпай, қытай тілін үйреніңдер!

2018 жыл. Қазан айы.

"Қытай тілін оқыңдар. Мен мұны қадап айтамын. Ұлтшыл патриоттар мені осы пікірім үшін сөгіп жатады. Бірақ, болашақ сонда деп ойлаймын. Қытай нарығының мүмкіндігі шексіз. Халқының санын айтсаңызшы. Қандай іс бастамаңыз, миллиардер болып шыға келесіз".

2018 жыл. Қазан айы.

"Орыс тілін ұмытуға болмайды. Біз ортақ экономикалық, кедендік аймақтамыз. Шекара арқылы да еш кедергісіз өтуге болады. Бұл - үлкен артықшылық, сондықтан оны пайдалана білуіміз керек. Кез келген істі қолға алғанда осы нарықтардағы сұраныс туралы ойлану керек. Одан бөлек, бұл - бейбітшілікті сақтаудың ең жақсы тәсілі".

Сайлауға түсуге әркім құқылы!

2019 жыл. Сәуір айы.

"Баллотироваться может любой гражданин страны в соответствии с Конституцией и законами. Решение о кандидатах на выдвижение будут принимать политические партии".

***

Түйін. Барды бар деп айту парыз. Ұзақ жылғы саяси карьерасында ақыл шеңберіне сыярлық сөздерді айтқан кездері де аз болған жоқ. Мысалы, әскери телеарна ашу, мектептегі оқулық жетіспеушілігін жою, педофилдерге жазаны қатаңдату, әскерді ұлғайту т.б. өзекті мәселелерді көтергенін де білеміз. Алайда, бұл айтылғандардың барлығы дерлік жоғарыдағы ел-жұртты шулатқан ерсі мәлімдемелердің тасасында қалды.

Жә, сөйтіп "Бөбек" дейтін қорды басқарып жүріп, бүгінде жоғарғы басшылық қызметке дейін жеткен Тұңғыш президенттің тұңғыш қызының туа біткен болмысы осы.  Иә, ол кісі сондай адам. Өзі саясаткер, өзі ғылым докторы, өзі опера әншісі, өзі 4 тілде еркін сөйлейтін полиглот, өзі партия құрушы, өзі депутат, өзі медиамагнат, айта берсек бүгін түбіне жетпейміз, енді. Бірқатар лауазымды қызметтерге де тағайындалып көрген. Мәжілісте вице-спикер болды. Премьер-министрдің орынбасары да атанды. Сенатта депутат та болды. Комитет басқарды. Енді міне, Қазақстанның "вице-президенті".

abai.kz