Weekend

Абайдың өлеңін оқыған Джек Ма эстафетаны Головкинге берді (Видео)

Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.

- Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін, - деді қытайлық миллиардер.

Ол Абайдың:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» деген өлеңін оқыды.

Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

ҚазАқпарат