Bugin

Сапарбаев: Зейнетақы қаржысын берерде адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі

Болжам осы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев нақты есептеулер жүргізілгеннен кейін ғана ұсыныстар дайындалатынын айтады. Десе де, алдын ала болжамға қарағанда, Сапарбаевтың айтуынша, зейнетақыны қолдану мүмкіндігі оның жиналғанын көлеміне тікелей байланысты.

- Президенттің тапсырмасы бар. Енді үкімет бұған қатысы бар мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеп, зейнетақыны қолдануға байланысты нақты шешімдер дайындайтын болады. Азаматтар жинаған зейнетақы салымын жинаған сомасына қарай шешіп ала ма, әлде жоқ па, оны да қарастыратын боламыз. Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Бірінші кезекте тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтерді сатып алуға қаражаттың жұмсалуын қарастырамыз, - деді Сапарбаев үкімет кулуарында.

Айта кеткен жөн, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні жариялаған жолдауында қазақстандықтарға жинаған зейнетақыларын шешіп алуға не үй сатып алуға қолдануға мүмкіндік беру керектігін тапсырған болатын.