Bugin
Күдікті экстрадациялау жағы шешілуде
Қарағандыдағы «Ежелгі Рим» мейрамханасының маңында болған атышулы оқиға қатысты іс сотқа келіп түсті. Алғашқы тыңдалым тергеу изоляторында өтеді.
Тергеу материалдары Қарағанды облысындағы Мамандандырылған ауданаралық сотқа, судья Шәріп Сисимбаеваның қолына түсті. Сотқа 11 адам тартылып отыр.
- С.Малхасян, Т.М. Малхасян, Т.М. Степанян, А. Оганнисян, Ж. Пиров, К.Х.Надырбеков, Б.К.Жумамратова, Д.Галкина, В.А.Нурулу, И.В.Щурокқа қатысты ашылған алдын ала келісім бойынша бұзақылық жасау, Ю.А.Нуруруға қатысты бұзақылық жасау мен Р.Б.Жансейітті өлтіру бойынша ашылған қылмыстық істер сотқа келіп түсті. Сот тыңдалымы жақында АК-159/1 ғимаратында өтетін болады, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық баспасөз қызметі.
Еске сала кеткен жөн, биыл 1 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы «Ежелгі Рим» мейрамханасының алдында жаппай төбелес болып, 23 жастағы жігіт өлім құшқан болатын. Пышақ тиген тағы үш адам ауруханаға жүгінген еді.
Ал кісі өлтірген 22 жастағы армян жігіті Нарек Гурулян 9 қаңтар күні Ресейдің Омбы облысынан ұсталған болатын. Қазір оны Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.
Ал қазақ жігітін өлтірді деп айыпталған армянның өзі видеожолдау жариялап, кешірім сұраған болатын.