Экономика

Ахметжан Есімов: Самұрық-Қазына қысқаратын болады

Компаниялар наразы, әрине

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімов холдинг құрамына енетін компаниялардың қысқаратындығын мәлімдеді.

- Біз құрылымды 30 пайызға дейін қысқартатын боламыз. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Былтыр да басқару құрылымдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жасағанбыз. Орталық аппараттың 30 пайызы қысқартылып, басқару қабаты азайтылды. Бұрын компаниялар 6 не 7 басқармадан тұратын, қазір 2 және 3-ке дейін қысқартылды. Бұған компания басшылары наразы болды, бірақ біз сонда да қысқартуға баруға мәжбүр болдық, - дейді Есімов.

Оның айтуынша, қысқартулардың арқасында салық көлемі де көбейген.

- «Самұрық-Қазына» холдингі салық түсімін 39 пайызға дейін өсіріп, сомасын 1 трлн теңгеге дейін жеткіздік. Мұндай салық төлейтін елде бірде-бір холдинг жоқ, - деп толықтырды Есімов.

Tengrinews.kz