Саясат

Жапония Қытайға қарсы арнайы жасақ құрды

Токио өз мүддесін қарумен қорғауға ниетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапонияның әскери құрылымдары мен жағалаулық күзет мекемелері Шығыс-Қытай теңізіндегі позицияларын күшейтіп, арнайы жасақ құрды. Бұл жайында Independent басылымы жария етті. 

Полиция бөлімшесіне қарайтын арнайы жасақ автоматты қарумен жарақталған. Арнайы жасақ Окинаваның оңтүстігінде орналасып, даулы аймаққа айналған Сенкаку аралдарын күзететін болады. 

Бұл аралдарды Қытай билігі Дяоюйдао деп атап, өз жері санайды. Соңғы уақытта аталмыш арал маңына Қытай жасақтары мен балықшылары жиі келетін болған. Арнайы жасақ олармен күресуді қолға алмақ. Тіпті бұл құрылымдарға бірінші болып оқ ату құзіреті де берілген.