Bugin
Еңбекақы өскен соң, бәрі өседі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТамыз айында Қазақстандағы азық-түлік тауарларының бағасы жыл ішінде 9% -ға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарда атап көрсетілгендей, нан өнімдері және жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер арзандады.
Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2018 жылы бір келі күріштің орташа бағасы 306 теңге, қарақұмық 241 теңге болса, биыл тамызда күріш – 374 теңге, қарақұмық – 255 теңге болып отыр.
Құмшекердің орташа бағасы 2018 жылы 233 теңге болса, биыл да сол бағада қалған.
2019 жылғы тамызда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің орташа бағасы келісіне 1713 теңгені (2018 жылғы тамызда – 1506 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1648 теңгені (1433 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 1933 теңгені (1695 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1416 теңгені (1281 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2109 теңгені (1928 теңге), тауықтың сан етіне – 812 теңгені (663 теңге) құрады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61