Bugin

Министр: БЖЗҚ-дағы ақшаға астық сатып алынды

Барлығы 200 тонна астық сатып алынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егін егу жұмыстарына дәнді-дақыл сатып алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 8 млрд теңге жұмсалған.

- Бұл ақша сатып алынған бидай қазір сатылып кетті. Бұдан түскен ақшаға тағы да астық сатып алатын боламыз. Мұның 10 пайызын "ҚазАгро" төлеуі мүмкін, - деді үкімет отырысында елдің ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.

Ал бұған қатысты пікір білдірген "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясының төрағасы Ринат Ақбердиннің айтуынша, астық сатып алуға барлығы 8,3 млрд теңге жұмсалған.

- 200 мың тонна астыққа қатысты айтар болсақ, оның займы "ҚазАгродан" алынған болатын. Жоспарланған астықтың көлемі толық сатып алынды. 8,3 млрд теңгеге тағы да астық сатып алынады, - деді Ақбердин.

Zakon.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61