Саясат
Сіз қалай ойлайсыз?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖурналист және тележүргізуші Владимир Познер кеңестік кезең ел халқына теріс әсер ете отырып, кеңестік адам деп аталатын - "жексұрынды" дүниеге әкелді, деп мәлімдеді. Бұл туралы ол YouTube-тегі "И грянул Грэм" арнасына берген сұхбатында айтты.
- Бұл кеңес адамы - "жексұрын" еді. Бір нәрсе айтып, басқа нәрсені ойлап тұратын. Мүмкін, бұл ең бастысы шығар, — деп жауап берді Познер КСРО-ның адамдарға әсері туралы сұраққа.
Журналистің айтуынша, ешқандай адам бірдеңеге сенбей өмір сүре алмайды. Ол бастапқыда адамдар жаңа идеологиямен шабыттанып, ерлік істерге дайын болғанын атап өтті. Познер студенттік жаста өзінің және құрдастарының Байкал-Амур магистраліне (БАМ) барып, тың жерлерді игеру үшін "жанын" салғанын есіне алды.
- Бірақ сен бірте-бірте сеніміңнің өтірік екенін, сені алдағанын, өзіңнің және ата-анаңның болмашы нәрсе үшін құрбан болғанын түсінесің. Сен не істейсің: циник боласың, скептик емес, циник, - деп айтты Познер.
Оның айтуынша, кеңес идеологиясының "негізгі үлесі" - көптеген адамдардың адамзатқа деген сенімін жойып жіберуінде жатыр.