Саясат
Бұл оқиға Югославиядағы соғыс кезінде орын алған
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Ресейдің Бірінші Президенті Борис Ельциннің НАТО авиациясымен Югославияның бомбасын қолдауға үндеген. Бұл туралы Славянтану институтының қызметкері Елена Гуськова "Международная жизнь" журналының бас редакторы Армен Оганесянға берген сұхбатында айтты.
Гуськованың айтуынша, Ельцин "егер НАТО Югославияға қарсы агрессияны тоқтатпаған жағдайда, Еуропаға зымырандарды жіберемін" деп қорқытқан көрінеді. Содан Германияда бомбадан қорғанатын жерлер ашылып, қоймасына "су мен қытырлақ нан" толтырыла бастаған.
Ол Ресей сол кезде Халықаралық валюта қорына өте тәуелді болғанын айтты.- Біз өте кедей болдық. Біздің, тіпті, 1998-жылдары ұшақ ұшыруға бензин таппай қалған кездеріміз болды, - деп ата өтті тарихшы.
Гуськова Югославияны қолдау мақсатында ресейліктердің көшеге шыққанын еске салды. Халықтың мұндай әрекеті ресей басшылығының НАТО-ға қолдау көрсете алмауына себеп болады.
Бұл ретте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт пен президент Клинтон Мәскеудің нашар экономикалық жағдайы туралы еске сала отырып, олардың іс-қимылдарын қолдау талабымен Ресейге үнемі қоңырау шалып отырған. Оганесян осылайша Ельцинді "сынды" деген пікірін білдірді.
1999 жылдың 24 наурызы мен 9 маусымы аралығында Югославия Одақтас Республикасының құрамына кірген Сербия мен Черногория НАТО тарапынан бомбалауға ұшыраған.