Weekend

Қан құюдан рекорд орнатқан жан

Қан құрамы ерекше

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам ағзасы қансыз өмір сүре алмасы анық. Небәрі 3 литр қан жоғалтсақ, өмірмен қоштасарымыз анық. 

Сонымен қатар қан тобының өзі де адам денсаулығына қатты әсер етеді екен. Жапондық зерттеушілер пікірінше, қан тобы адамның мінез-құлқына тікелей әсер етеді екен. Көп созбай тақырыпқа оралсақ.

82 жастағы Джеймс Харрисон - нағыз рекорд орнатқан жан. Оның қаны 2 миллионнан астам нәрестенің өмірін сақтап қалған. Олардың арасында Харрисонның немересі де бар. Джеймсті «алтын қаны бар адам» деп атайды.  

Жасөспірім кезінде оған ота жасалып, 13 литр қан құйылған екен. Содан жас  Харрисон ауруханада шамамен 3 ай жатады. Және де ол сауығып кеткен соң, 18 жасынан бастап басқаларға үнемі қан тапсыруға уәде берді. Алайда бұрын  қан тапсыруға  заң мен дәрігерлер тыйым салған. Дегенмен жас жігіт басқалардың қаны оның өмірін сақтап қалғанын түсініп, өзгелерге көмек қолын созды. 

Харрисон алғаш рет өткен ғасырдың 54 жылы донор болды. Зерттеу нәтижелері бойынша дәрігерлер оның қанында Rh факторына қарсы антиденелер бар екенін анықтады. Құрамы да ерекше болды. Сондықтан жас жігіттің өмірі миллион долларға сақтандырылған. Джеймс 57 жыл бойы 3 апта сайын қан тапсырып отырған. 2011 жылы әлемдік рекордқа тіркелді.  Харрисон 1000 рет донор болған.  


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61