Саясат

Назарбаев Ермекбаевқа бірқатар тапсырма берді

Дайындық қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесіп, бірқатар тапсырма берді

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Жеңістің 75 жылдығына дайындалуды тапсырды.

"Қазақстанның тұңғыш президенті келесі жылы елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне аралаған әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды", - делінген Елбасының ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ кездесу барысында Ермекбаев тұңғыш президентке Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады және осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, кездесуде басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев отандық қорғаныс өнеркәсібінің қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай сапалы жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының құрылыс және даму бағдарламаларының орындалуы туралы баяндады. Қорғаныс министрінің сөзіне сүйенсек, қазір әскери техниканың заманауи үлгілері және жүйелерімен жабдықтау, Қарулы күштерді жан-жақты қамтамасыз ету жүйесін жетілдірілу, сондай-ақ оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.