Саясат
Қытай халық әскері
Қытай әскерилері мен 30-ға жуық ұшақ Ресейге "Орталық-2019" оқу-жаттығуына қатысу үшін аттанады. Бұл туралы ТАСС ҚХР Қорғаныс министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери топ құрамына шамамен 1,6 мың адам, сондай-ақ 300 қару-жарақ түрі мен 30-ға жуық ұшақ (тікұшақ) кіреді.
Аға полковник Жэнь Гоцянның айтуынша, бұл оқу-жаттығулар жақын жатқан елдерге күш көрсету емес, Ресей мен Қытай тараптары арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталатын болады.
Айта кетейік, "Орталық-2019" оқу-жаттығуы барысында ресейлік әскерилермен бірге Қытай, Пәкістан, Қырғызстан, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әскерилер жаттығады. Жалпы әскер саны жүз мыңнан асады деп күтілуде.