Экономика
Вавилонның ең бай адамы
Ақша қай заманда да адамды мазалаған құрал болып келген. Ақша туралы қаншама кітап, деректі фильм, көркем фильм түсірілді. Қазіргі материалды дүние алға шыққан заманда ақшаны тиімді жұмсау, үнемдеу және жинау жөнінде ақпараттар көптігі сонша - маңыздысын табудың өзі де бір жұмыс. Американның Самуэль Клейсон деген жазушысы "Вавилонның ең бай адамы" атты еңбегінде ақша туралы Вавилон тақтайшаларынан табылған мәліметтермен қызықты етіп кітап жазып шыққан. Сонда келтірілген ең маңызды жеті ережесін келтіргім келіп отыр.
1. Ақша жинап бастаңыз. Табысыңыздың 10%-ын жинап отырыңыз, аз сомма болса да қандай өзгерістерге бастама болатынына көз жетеді.
2. Шығыныңызды бақылаңыз. Бұл ережесіз сіздің ақшалы болуыңыз неғайбыл.
3. Байлығыңызды көбейтіңіз. Ақшаңызды тек жинап қана қоймай, оны көбейту жолын қарастырыңыз. Жиналған ақша кіріс алып келуге жұмыс істеу керек.
4. Ақшаңызды қорғаңыз. Жинаңығызды күмәнді және алаяқтыққа алып келетін істерге салмаңыз.
5. Өз үйіңізде тұрыңыз. Тездетіп жеке үй алуға тырысыңыз. Жалдап тұру көп шығын болатыны түсінікті.
6. Болашағыңызды ойлаңыз. Кейін жұмыс істемейтін жағдайға жеткенде сізді қамтамасыз ететін ақшаны ойлаңыз.
7. Байлық, ақша табу жолындағы өз дағдыларыңызды жетілдіріңіз. Жетістікте тұрып қалмай, әрқашан даму жолында жүріңіз. Оқыңыз, көріңіз, біліңіз.