Саясат
ШҚО
Аягөз қаласындағы «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ болған жағдайға байланысты облыс әкімі Д.К. Ахметовтың 2019 жылғы 29 тамыздағы өкімімен құрылған комиссия жұмысы аясында 3 қыркүйек күні Аягөз қаласына облыс прокурорының орынбасары Е.Жұбанов, полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Зәкімов, облыс әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова келді. Сапардың мақсаты - мекемені тексеруге кірістірілген құзыретті органдардың жұмысымен және тергеу барысымен танысу.
Олар Аягөз аудандық полиция бөлімінде жұмыс кеңесін өткізіп, нәтижесі бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, соның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін тарта отырып орталықтың барлық тәрбиеленушілерін қайта медициналық тексеруден өткізу. Облыс әкімі тиісті қолдаухатқа қол қойды.
Аталған істің қоғамдық резонанс тудыруына байланысты сотқа дейінгі тергеу материалдары облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды. Қадағалауды облыс прокуратурасы жүргізеді.