Саясат
Ішкі істер министрлігі заңсыз митинг өткізушілердің жолын кеспек
Бұл жайлы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
- Наразылыққа шыққан бір топ адамдардың ойынша, Қазақстанға 55 қытай кәсіпорны салынуы мүмкін екен. Қазіргі уақытта бұл ақпаратты растайтын ешбір дерек жоқ, яғни, ақпарат өтірік. Ешқандай кәсіпорын ашылмайды. Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат жалған. Егер заңсыз митинг өткізуге шақырған адамдар болса, құқық қорғау органдары олардың ізін кесетін болады. Әзірше жағдай тұрақты, - деді Тұрғымбаев мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, кеше Жаңаөзен қаласының тұрғындары орталық алаңға шығып, қытай экспанциясына қарсы наразылық өткізген болатын. Мұндай қарсылық акциялары бүгін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Семей қалаларында да өтті.