Экономика

Уоррен Баффет байлыққа қалай жетті?

АҚШ-тың 3-ші бай адамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уоррен Баффет - АҚШ-тың миллиардерлерінің үштігіне кіретін тұлға. 2018 жылғы мәлімет бойынша табысы 84 млрд. доллар. 

2017 жылмен салыстырғанда 8,4 млрд долларға байыған екен. Berkshire Hathaway Inc компаниясының директорлар кеңесі төрағасы және атқарушы директоры. Негізгі айналысатын саласы - инвестиция құю.

Байлыққа жету жолындағы қызықты ақпараттар:

* оның компаниясының акциясы 1965 пен 2016 жылдар аралығында жылына 21%-ға дейін қымбаттап отырған екен.

* "Омахалық сыйқыршы" лақап атымен танымал.

* АҚШ конгрессмені баласы ол ең бірінші акциясын 11 жасында сатып алған екен, ал 13 жасында салық декларациясын тапсырған.

* Қазіргі уақытқа дейін қайырымдылыққа 32 млрд доллар жұмсаған.

* Досы Билл Гейтспен бірге The Giving Pledge бастамасымен шыққан, ол бастама бойынша басқа миллиардерлерге қайырымдылыққа байлығының 50%-ын бөлуді ұсынған.