Weekend

Армения мен Қырғызстаннан қандай көліктерді елге енгізуге болады?

Бір жыл уақытша тіркеу, сосын тұрақты тіркеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения мен Қырғызстаннан кіргізілген көліктер шетелдік тауар болып табылады әрі оған міндетті түрде кедендік салық төлеп, деп хабарлады Мемлекеттік кіріс комитеті.

Бұған дейін елдің Ішкі істер министрлігі Армения, Қырғызстан, Ресей мен Беларуссиядан енгізілген көліктерді Қазақстанның шекарасын басып өткеннен кейін, он күннің ішінде уақытша тіркеуге қою керектігін, ал уақытша тіркеудің бір жылға дейін жарамды екендігін айтқан болатын. Бір жыл өткен соң, бұл көліктерді міндетті түрде тіркеуге қою керектігін де ескерткен.

Ал Мемлекеттік кірістер комитеті кеденнен өткізіліп, қазақстандық тіркеуге қойылатын көліктердің өзіндік талаптары да бар екендігін айтып отыр. Мәселен, Қырғызстаннан ол елге 2014 жылдың қаңтарына дейін тіркеуге қойылған, ал Армениядан 2014 жылдың 10 қазанына дейін тіркеуге қойылған көліктерді ғана азаматтар елге әкеліп, Қазақстанда тұрақты тіркеуге қоя алады.

- Қазіргі уақытта елде Моңғолиядан әкелінген, бірақ заңсыз жолмен тіркеуге қойылған көліктер жүр. Оларға да алдағы уақытта қажетті шаралар қолданылатын болады, - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.