Bugin
Оқулықтармен бірге дискілер, әдістемелік құралдар да бар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 1 желтоқсанында Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының қытай тілін үйренуінің маңызы зор екенін атап өткен болатын. Осы бастаманы қолдау және екіжақты достық қатынасты, мектептермен ынтымақтасты нығайту, сонымен қатар қазақстандық оқушылардың қытай тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігіне қытай тілінің оқулықтарын сыйлады.
- Бүгін осы жерге көп бала мен мұғалім келгеніне қуаныштымын. Нұр-Сұлтанда 4 мектепте қытай тілі оқытылады. Балаларға қытай тілі қатты ұнайды. Қытай тілін үйреніп жүрген балалардың жақында Қытайға барып, қытайлықтардың өмірі, мәдениеті, тарихын біліп келгендерін білесіздер. Қазір осында олар келді. Ал, бүгінгі шараға келетін болсақ, мұндай шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Қытай тілін оқу – екі ел арасын жақындататын рухани құрал. Сондықтан біз тұрғындар бір-бірін жақсы танығанын, үйреніскенін қалаймыз. Тіл үйренуде мектеп жасы өте қолайлы кезең болғандықтан, балаларға оқу барысында қолдау көрсеткіміз келеді. Келесі жылы мектеп саны 5-6 болып көбейеді деп үміттенеміз. Себебі қытай тілі, мәдениетіне деген сұраныс жоғары. Жақында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенде Конфуций институтының санын арттыруды қолдайтынын айтты. Былтыр желтоқсанда Елбасы қытай тілін үйретуге мән беруді бастады. Сондықтан біз осы бастаманы қолдауды міндет деп білеміз. Елбасы мен президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін әлі талай жұмыс істеуіміз керек. Болашақта екі елдің ынтымақтастығы мен серіктестігін нығайту үшін қытайтанушы, қытай тілін үйретушілердің саны көбейеді деген үміттеміз, - деді Чжан Сяо.
ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Эльмира Асанның айтуынша, екі ел арасында үкіметаралық келісім аясында студенттер үшін жыл сайын 100-ге жуық грант бөлінеді.
Нұр-Сұлтандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жакенов оқу ордасының ашылғанына 10 жыл болса, ондағы білім алатын балалар 9 жылдан бері қытай тілін меңгеріп жатқанын атап өтті.
- Мен алдымен қытай тілін қалай оқи бастағанымызға тоқталғым келеді. Біздің Назарбаев зияиткерлік мектебі физика-математика пәніне ден қойған. Мектептің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Ал қытай тілін біз 9 жыл қатарынан оқып келеміз, - деді Жакенов.