Weekend

5 қыркүйек кинопремьералары

Қорқынышты клоун Пеннивайз қайтып келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі прокатта: оралған Пеннивайз, жоғалған Кейт Бланшетт, Кореядағы қаржы дағдарысы, арасы суыған құрбылар туралы француз триллері, құпия агент рөліндегі Кира Найтли және басқа да қызықтар.

«Әлдекім: Екінші тарау» («Оно 2» / «It Chapter Two»)[18+]: Стивен Кингтің шығармасына негізделген аттас хоррордың екінші бөлімі. Оқиғасы бірінші фильмнен кейін 27 жыл өткен соң өрбиді. Актерлер құрамында Джессика Честейн, Джеймс МакЭвой, Билл Хейдер, Билл Скарсгард секілді жұлдыздар бар.

Екінші тарауда есейген басты кейіпкерлер балалық шақта қалған зұлым күн иесімен қайта бетпе-бет келеді. Қорқынышты клоун Пеннивайз қайта оралады.

«Қайда жоғалып кеттің, Бернадетт»(«Куда ты пропала, Бернадетт?» / «Where'd You Go, Bernadette»)[16+]: Белгілі режиссер Ричард Линклейтердің драмасы. Басты рөлде Кейт Бланшетт ойнайды.

Фильмде Бернадетт есімді ақылды да талантты архитектор әйел туралы баяндалады. Бақытты әйелде бәрі бар: әдемі үй, сүйікті қыз бен адал жар. Күндердің күнінде Бернадетт жоғалып кетеді десе ешкім сенбес еді. Ол өзін іздеп, бақыт жолында қиырды кезіп кетеді.

«Ұлттық банкрот күні» («Дефолт» / «Gukgabudoeui nal»)[18+]: Оңтүстік Корея тарихындағы қаржы дағдарысына арналған картина. Корей актерлерімен бірге Венсан Кассель де түсті.

1997 жылы Оңтүстік Корея үкіметі экономиканың өсіп жатқанына, елді тұрақты даму күтіп тұрғанына сенімді еді. Бірақ Корея банкінің ақша-кредит саясаты бөлімінің басшысы жақын арада қаржы дағдарысы болатынын болжайды. Ол халықты құлақтандыруды ұсынады, алайда осы жағдайдан пайда табуды ойлап, дефолт туралы тіс жармауды көздегендер жетерлік.

«Екеу» («Материнский инстинкт» / «Duelles»)[18+]: қос құрбының қарым-қатынасын суреттейтін француз триллері.

Сюжеті Элиз бен Селин деген жан құрбылар төңірегінде өрбиді. Олардың отбасы бір-бірімен жақсы араласады, ұлдары бауырдай болып кеткен. Бірде ұлдардың біреуі қайтыс болады. Достықты айыптау, ал гармонияны күдік алмастырады. Селиннің қылығы біртүрлі бола түседі, одан не күту керек екенін білу мүмкін емес.

«Ресми құпия» («Опасные секреты» / «Official Secrets») [16+]: Оңтүстік Африкадан шыққан «Оскарлы» режиссерГэвин Худ түсірген триллер. Рөлдерде Кира Найтли,Рэйф Файнс, Мэтт Смитсекілді актерлер ойнайды.

Фильм британ барлауының қызметкері Кэтрин Ган туралы. Ол америкалық және британ үкіметінің Иракқа заңсыз басып кіруіне арналған құпия хатты тауып алады. Осыдан кейін Кэтрин мемлекеттік құпияны таратқаны үшін айыпталады. Оған төнген қауіп-қатерге қарамастан өз көзқарасын қорғап қалуы керек.

Сонымен қатар прокатқа «Одесса» деген Ресей драмасы мен «Жара» комедиясы, ал кішкентай көрермендер үшін «Кокоша - маленький дракон: Приключения в джунглях» мультфильмі шықты.