Weekend
Әрі қарай не болмақ?
Канадалық эстрада әншісі Джастин Бибер Instagram желісінде «жаман әрекеттерінің» кесірінен «әлемдегі ең жек көрінішті адам» атанғаны туралы эмоционалды эссе жариялады. Жанкүйерлерге жолдауында ол депрессия мен есірткіні қолдану туралы да айтты.
- Кішкентай қаладан шықтым, 13 жастан бастап мені бүкіл әлем алақанына салып мадақтаған адам болып өстім, миллиондаған адамдар мені қаншалықты жақсы көретінін және менің жақсы екенімді айтты, - дейді музыкант.
Бибер үнемі мақтау оның өмірге деген көзқарасын бұрмалайтынын мойындайды. Одан әрі жұлдыз 18 жасында «банкте миллиондары» болғанын, қалағанның бәріне қол жеткізе алатындығын, бірақ «өмір сүру деген, өзін асырауға деген дағдысы қалыптаспағанын» жазады. Өмірде әйел затына құрметсіздік танытқан кездері көп болыпты, есірткіге де әуес болған.
- Мен жаман шешімдерді қабылдадым және әлемдегі ең сүйікті адамдардың бірінен әлемдегі ең мазақ, сотталған және жиіркенішті адамға айналдым, - деп түсіндірді әнші.
Алайда діндар христиан ретінде, Бибер сенім, достары мен отбасы мүшелерінің, оның жұбайы Халей Болдуиннің қолдауы уақыт өте келе оған қиындықтарды жеңуге көмектесті деп сендірді. Ол бірнеше жыл қажет екенін айтты.
Наурыз айының соңында Бибер сахнадан уақытша кететінін хабарлаған. Ол қазір оның жанұясы мен денсаулығы бірінші орында екенін айтты, сонымен қатар жанкүйерлерге өнерге қайта оралуға уәде берді.