Weekend

Өлудің өзі ақылы!

Жаназаның ставкасы...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ислам адамзат игілігі, бейбіт тіршілік үшін келген дін» дейміз. Ислам – адам баласын ақиқатқа жетелейді. Асыл дініміз бауырың былай тұрсын, өзге дін өкіліне құрметпен қарауға шақырады. Тіпті, тірі жәндікке титтей қиянат жасаудан тыяды.

Дінбасылары, имамдар, молдалар осыны қара xалыққа жеткізіп, түсіндіріп, дұрыс жолға түсіру жолында қызмет етеді. Имам жасаған қызметі үшін белгілі бір бағада ақы сұрауға құқығы жоқ. Бірақ имамдарға  нақты жалақы төленбейтінін де білеміз.

Мына қызықты айтайын, шалғай аймақтағы ауылдарда имамдардың жаназа шығарудағы ставкасы 25 мың теңгеден басталады екен. Әдетте, қайтыс болған үйден молдаға берілетін өзінің кішігірім рақмет сыйы болады.

Ол яғни, бір көйлегі, кішігірім пакеті және мүмкіндігіне қарай 2-5 мың теңге арасында болуы мүмкін. Ол өз еркі және ешқандай заңмен бекітілмеген.  Перзентханада баланың аман-есен дүниеге келуі үшін ақшаны аямайтынымыз түсінікті. Өмірге келу былай тұрсын, өлудің өзі ақылы боп кеткен сыңайлы...