Саясат
Маған көмектесіңіздер!
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсамбай өзінің фейсбук парақшасында оған қарсы әлдебіреулердің сес көрсетіп, қорқытып жүргенін жазады:
Назар аударыңыздар!
Соңғы кездері мен органдар тарапынан біреулер арқылы «сәлемдемелер», қоқан-лоқы мен ескертулер алып жатырмын. Бұны өзім білетін, әрі сенім артатын адамдар арқылы да, өзім тікелей танымайтын белсенді оқырмандарым арқылы да білдім.
Сіздерге алдын ала ескертіп қояйын. Ақпараттық кеңістіктегі менің үнімді өшіру үшін арнайы ақпараттық шабуыл жасалмақшы. Мұны олар сатымпаз блогерлер мен анонимді интернет қайнар көздері арқылы жүзеге асырады. Мені қиын жағдайға тап қылу үшін әр кезде берген сұхбаттарымдағы сөздерді алып, айыптаушы айғақтарды өте белсенді түрде әзірлеп жатыр.
Сіздер мені талай рет қолдадыңыздар. Сіздерге алғысым шексіз! Осы жолы да мені жалғыз қалдырмайды деп сенемін!
Осы жазбамды барынша көп бөлісу арқылы олардың еңбегін еш қылуды сұраймын.