Экономика

Трамп: Мен сауда соғысында жеңіске жеткенде Қытай күйрейтін болады

Қытай экономикасының күйреуіне қанша уақыт қалды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасындағы сауда соғысы аяқталғаннан кейін Қытай толығымен құлдырауға ұшырайды деп болжап жасап, Бейжіңді тезірек келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды RT.COM сайты.

АҚШ президенті 3 қыркүйек,сейсенбі күні Твиттер парақшасында:

- Мен жеңіске жеткенде Қытайда не болатынын ойланыңыз. Саудасы тіпті де қиындаса түседі! - деп жазды.

Ол Қытай мен АҚШ арасындағы келіссөздер жалғасып жатқанына қарамастан, Бейжің ұзақ уақытқа созылған сауда соғысына қарсы тұра алмайтынын айтты.

Америка Құрама Штаттары екі елдің тауарларына жаңа тарифтер жиынтығын енгізгеннен кейін Трамп:

- Қытайдың жеткізілі тізбегі құлдырайды, бизнес, жұмыс орындары жабылып, қаражаты азая бастайды, - деп жазды.

Өткен аптаның соңғы күндері АҚШ Қытай импортына 15% -дық тариф енгізіп, бұл алдыңғы 10% -дан жоғарылаған болатын. Бұл қытай тауарларына бағытталған шамамен 300 миллиард долларға бағдарланған алғашқы жаңа тарифтер жиынтығы болып саналады. 122 беттен тұратын тарифтерді көтеру тізімі 1-ші қыркүйектен бастап күшіне енеді және көптеген тұрмыстық заттар мен өнімдерді қамтиды. Оларға киім-кешек және керек-жарақтар, аяқ киім, үй тоқыма бұйымдары, балалар жөргектері, мысалы, памперстер мен пазиферлер, сонымен қатар теледидар панельдері, кофе, виски, сүт өнімдері, ет, ірімшік және оқулықтар кіреді. Егер екі ел ойдағыдай сауда келісіміне келе алмаса, тарифтер 15-ші желтоқсаннан бастап тағы да енгізілмек.

Оған жауап ретінде Бейжің бірден АҚШ-тың 75 млрд доллар мөлшеріндегі импортына 5% -ден 10% -ға дейінгі тариф енгізді, бұл негізінен АҚШ ауылшаруашылық секторынағы сезімтал өнімдерге әсер етеді. Оның ішінде сояға қосымша 5%-дық тариф, ал сиыр етіне және шошқа етіне қосымша 10%-дық тариф енгізілді.

Бейжің сондай-ақ, дүйсенбіде Дүниежүзілік сауда ұйымына АҚШ тарифтерінің соңғы айналымына қатысты шағымданды, шағымда АҚШ  Жапонияның Осака қаласында екі елдің басшылары қол жеткізген келісімді бұзғаны туралы жазылған.

Соңғы үш айда әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы сауда дауларының қарқынды кеңеюі жаһандық инвесторларға үлкен соққы болды. Трамтың твиттердегі жазбасынан кейін АҚШ-тың қор нарығы айдың алғашқы сауда күні, сейсенбіде таңғы сауда барысында күрт құлдырады. Dow Jones өнеркәсіптік орташа көрсеткіші 350 нүктеге немесе 1,2% -ға төмендеді. Ал Standard & Poor's 500 индексі 0,9%-ға, Nasdaq Composite индексі 0,8% төмендеді.