Экономика

Қасымбек елде бар қытай кәсіпорындарын атап шықты

55 жоба туралы ақпарат жариялануы тиіс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстан мен Қытай бірігіп жүзеге асырып жатқан жобалар жайлы айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда қытайдың 15 жобасы жүзеге асырылған, оның 5-уі жылдың соңына қарай іске қосылады. Тағы 20 жоба қолға алынып отыр. Индустрия мен инфрақұрылымды дамыту министрлігінің қолында барлығы 27 жоба бар. Олар – көлік жасау, өндіріс және транспорт саласына қатысты жобалар.

- Ауыл шаруашылық министрлігінде өсімдік майын өндіру, рапс пен соя өсіру, астық пен ет өңдеу, ұнды экспорттау бойынша жобалар қолға алынған. Маңғыстау, Қапшағай мен ШҚО-да қытай инвестициясы құйылған жел электр стансалары бар, - деп атап өтті Касымбек.

Ал бірлескен 55 жобаға Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті жауап береді екен.

- Комитет бұл жобалардың барлығын жариялауы тиіс. Ресми порталға жобаның кезеңі, көлемі, мақсаты мен ашылатын жұмыс орындары, оған қандай мамандар қажет екендігі жайлы ақпараттарды ұсынуы керек, - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

- 55 жобаны ешкім аймақ бойынша бөліп бере алмайды. Алты жоба бір облыста, тағы бес жоба басқа облыста деп бөлу қиын. Аймақтың ерекшелігіне қарап қана айқындауға болады. Мәселен, Алматы, ШҚО облыстарында энергетикалық жобалар болса, Орталық Қазақстанда – түсті металлургия мен көлік жасау. Қызылордада былтыр цемент шығара бастаған болсақ, қазір мұнда кальций қосылған соданы өндіруге кірістік. Бұл кәсіпорындардың басшылығында қазақстан азаматтары да бар, - деп қосты Қасымбек.

- Біз берген ақпараттар толық емес әрі күрделі мазмұнмен берілгендіктен, қарапайым азаматтарға түсіну қиындау. Адамдардың қолында ақпарат болмағандықтан, әлеуметтік желіден алуға мәжбүр. Ал мұндай желі авторлар жалған ақпараттар таратып отыр. Қазір біз шынайы, ақылға қонымды ақпарат беруге тырысудамыз, - деді сөз соңында Қасымбек.

Tengrinews.kz