Bugin

Інісімен бірге қазына қаржысын ұрлаған Қарағанды әкімнің экс-орынбасары сотталды

5 жылға кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ж.Әбішев пен оның інісі Е.Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, Ж.Әбішев заңдағы шектеулерге қарамастан інісі Е.Әбішевтің компаниясына қамқорлық таныту арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Е.Әбішев Қарағанды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына мүгедектерге арналған арбаны жеткізіп беру барысында 101 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған. 

- Сотқа дейінгі тергеу сатысында Әбішев келтірілген залалды өтеді және прокуратурамен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасады. Осы жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Ж.Әбішевке 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Оның інісі Е.Әбішев шартты түрде 5 жылға сотталды, - деп атап өтті агенттік.

ҚазАқпарат