Bugin

ІІМ: Әкімшілік полиция кеңсе түрінде құрылуы мүмкін

Халыққа қызмет көрсетуші орган болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда берген құқық қорғау органдарын реформалау тапсырмасы жайында сөз қозғаған Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди әкімшілік полиция құрылымының бастан-аяқ өзгеретіндігін айтып отыр.

- Жұмысты ұйымдастырудың негізін өзгерту керек. Сондықтан құрылымдық өзгерістер болады. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің 40%-ы әкімшілік полицияда істейтіндіктен, бұл комитетті толық өзгеркіміз келеді. Әкімшілік полицияда 42 мың адам жұмыс істейді, - дейді Калайчиди.

Алдын ала болжамға қарағанда, әкімшілік полиция бөлімдері кеңсе ретінде құрылып, жоба түрінде ұсынылмақ.

- Бұған қатысты нақты ұсыныстарымыз бар. Алайда оны қазір айта алмаймыз, өйткені жұмыс енді ғана басталды. Жаңа жоспар жасалып, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары пысықталады, - дейді бас полицейдің орынбасары.

Zakon.kz