Bugin

«Жолаушылар тасымалына» неміс маманы басшы болып тағайындалды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың інісі Арман Сұлтанов болған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді оның орнына неміс маманы Михаэль Кортюм келіп отыр. Мұны компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

М. Кортюм темір жол саласында, оның ішінде жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі бар маман. Қайта құру, жобалау, жаңа стратегияны жүзеге асыруда талай ірі жобаларды іске қосқан.

Сондай-ақ, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету, сервис мәселелері, жолаушылар тасымалындағы көптеген өзекті пробелмалардың шешімін тауып, осы бағытта талай игі бастамалардың жетекшісі болған.

Анықтама үшін:

М. Кортюм 1969 жылы 3 ақпан күні Гамбургте дүниеге келді (Германия). Еңбек өтілі 1989 жылдан бастау алады. «DeutscheReichsbahn» компаниясында (Неміс темір жолдары) қатарлы электромонтер болды. Артынан 5 жыл пойыз машинисті болып жұмыс жасап, жолаушылар пойыздарына қызмет көрсету бөлімінің супервайзері қызметіне ауысты. Одан кейін «DB Fernverkehr» компаниясының Солтүстік Сервис орталығының басшысы қызметінде. Солтүстік Германия өңіріндегі «DB InternationalGmbH» компаниясының басшысы.

Соңғы жылдары М. Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша команияның өндіріс бойынша Бас директоры, «DB Engineering&Consulting» компаниясының бас директоры. «ValueEngineering / Asia and Pacific» және «DB Engineering&Consulting» Атқарушы директоры болған (Берлин).