Саясат

Мұрат Әуезов: Қытайдан ұтылған жеріміз көп, сақ болу керек

Таудың шыңын да, өзеннің басын да алып алған - қытайлар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Қытайдағы алғашқы (1992-1996 жылдары) елшісі, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы жайлы айтып, көрші ұтылған жеріміз көп, сондықтан сақтанатын жеріміз көп екендігін еске салды.

- Әрине, Қытайдың мүддесін жақсы білу, қайшылықтың негізін түсіну үшін өз мүддемізді де ұмытпауымыз керек. Шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болу үшін қажеттінің барлығын жасап отырмыз ба? Бұл мәселеде шындық керек. Іс жүзінде бұған дейін мұнай, жер, су, шекара мәселесі және тағы басқасы бар, қай жағынан алсақ та, соңғы кездері тәуелсіз Қазақстан ұтылып келді. Мұның соңы қиын жағдайға әкеледі, - дейді Мұрат Әуезов.

Саясаткердің ойынша, қытайдың халқы көп, жері аз, халқын орналастыру үшін жер керек. Осы жолда түрлі тәсіл іздейді.

- Ал билікте отырып, бәрін көріп-біле тұра әрекет жасамағандардың ісін қылмыс деуге болады. Өз мүддесін шеберлікпен қорғайтын Қытаймен олай ойнауға болмайды, - деп ескертті сұхбат беруші.

Мұрат Әуезовтың ойынша, Қытай – өз мүддесін жібермейтін ел.

- Мысалы, осы кезге дейін шекара, мұнай-газ тәрізді түрлі келісімшартқа қол қойғанда біз ұтыла беріппіз. Мысалы, 1992 жылы Қытайға елші болып барғанымда Қазақстан алғаш боп көтерген мәселе - Іле, Қара Ертіс сияқты шекаралық өзендер туралы екі жаққа да тиімді ортақ шешімге келу болатын. Қытай түрлі сылтау тауып, бұл мәселе әлі күнге толық шешілген жоқ.

- Біз осы күнге дейін өз мүддемізді дұрыс қорғай алмай жүрміз. Мысалы, шекара мәселесінде олар ұтты деп білем. Совет кезінде Қытаймен шекарадағы биік шыңдар біздің шекарашылардың қолында еді. Олар жоғарыда тұрып төмен жағында не болып жатқанын көре алатын. Кейін (Қытай) шекаралық жер туралы мәселе көтеріп, сол биік шыңдарды, ұтымды жерлерді өзіне алды. Біздікілер қарсылық көрсете алмаған. Сондықтан қазір біз Қытаймен қатынаста өте сақ болуымыз керек, - деп толықтырды Мұрат Әуезов.