Саясат
Естімеген елде көп
Павлодар жарты ғасырлық тарихы бар абақтының мерейтойын атап өтті. Қинау, ұру фактілері тіркелген аталмыш мекеменің бұл шараға не үшін барғаны белгісіз.
Жарты ғасыр ішінде АП-162/3 түзеу мекемесінде 18 мың адам жазасын өтеген. 50 жылдық мерейтойға мекеменің бұрынғы қызметкерлері, өзге мекеме жұмысшылары, аталмыш мекемені салған жандар да келген. Колонияның ауласына киіз үйлер тігіліп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған.
- Қызметтеріңізіз тыныш болсын, сәттілік тілеймін, құрметті офицерлер! Заманауи әлем сіздерден барынша кәсібилік пен қырағылықты талап етеді. Иықтағы әскери белгілеріңізге лайықтысыздар деп сенемін, - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбек Иманқұлов.
Естеріңізге салар болсақ, аталмыш мекемеде жазасын өтеушілерді қинады, ұрды және қорлады деген фактілер бойынша бірнеше қызметкер сотталған болатын.