Weekend

Өміріңізді түбегейлі өзгертетін 15 дағды

Өмірдің өзгергенін қалайсыз ба, ендеше кішкене дағдылардан бастаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ендеше сізге қарапайым, бірақ өміріңізді өзгерте алатын 15 дағдыны ұсынамыз.

1) Таңертеңгілік уақытты өзіңізге арнаңыз. Таңертеңгілік жаттығуды әдетке айналдырыңыз.

2) Тіл үйренуге күніне тұрақты түрде жарты сағатыңызды арнау арқылы оң нәтежиеге қол жеткізесіз.

3) Дұрыс тамақтануға көшіңіз. Газды сусындар ішудің орнына 2 литр таза су ішіңіз. Теріңіздің қаншалықты жасарғанын байқайтын боласыз.

4) Дұрыс ұйқы режимін орнатыңыз. Қалыпты түрде 8 сағат ұйықтаудың өзі күні бойы сергек қалыпта жүруіңізге көмектеседі.

5) Уақытыңызды детектив пен мелодрама көруге емес, өзіңізді дамытуға  және өз қызығушылықтарыңызға арналған пайдалы кітаптар оқуға арнаңыз.

6) Бүгіннен бастап өзіңіздің қалай сөйлейтініңізге мән беріңіз. Сөздік қорыңыздағы тұрпайы, дөрекі естілетін сөздерді қолданбауға дағдыланыңыз.

7) Сенімділік пайда болатын уақытты күтпеңіз – қимылдаңыз! Ешқандай күмән мен үрей өздігінен жоқ болып кетпейді.

8) Мақсаттарыңызды тек ойда ұстамай, қағазға түсіріңіз.

9) «Шүкірлік күнделігін» жүргізіңіз. Алғыс айту – көз-қарасыңызды «қайта құруға» көмектеседі.

10) Түзу жүріңіз, сымбатыңызға мән беріңіз.

11) Ақша үнемдеуді үйреніңіз. Интернеттен ақшаны қалай үнемдеуге болатыны жайлы сабақтар қараңыз, ақпараттар оқыңыз.

12) Бос уақытыңыздың көп болуынан сақтаныңыз. Жаңа білім үйренуге арнаңыз. Ол – велосипед айдау, жүзуді үйрену немесе қарапайым гүл аттарын білу, оны өсіру жолымен танысу болуы мүмкін.

13) Интернетке күніне 1 сағаттан артық уақыт бөлмеуге дағдыланыңыз.

14) Көзқарасыңыз бен пікіріңізді ашық айтудан қысылмаңыз. Тұйықтық пен ынжықтықтықты шатастырып алмаңыз.

15) Кішкентай жетістігіңіз үшін де өзіңізді қуантып отырыңыз. Мысалы, бір пайдалы әдет қалыптастырсаңыз, өзіңізге сүйікті шоколад пен балмұздақ сыйлауға болады.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61