Денсаулық

6 кеңес: Беліңіз ауырмасын десеңіз

Заманауи гаджеттермен және бір орында ноутбукпен жұмыс жасаудың тиімді тұстарынан бөлек, арқа бұлшықеттерін зақымдайтын жағымсыз тұстары да жетерлік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі кезде бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Енді бұдан шығатын қандай жол бар? Ол үшін...

1. Жүкті көтергенде, тізені бүгу керек

Ауыр жүкті көтергеннен соң, бел ауруы пайда болып, мазаңызды қашыратыны рас. Бел ауруының алдын алу үшін жерден жүкті алар кезде тізені бүгіп, жерге отырып, затты сол күйінде көтеру керек.

2. Тік қалыпты сақтау керек

Егер ноутбук алдында ұзақ уақыт бойы бүкірейіп, бір қалыппен отыратын болсаңыз арқа бұлшықеттеріне салмақ түсіп, қан айналымы баяулайды. Бүкірейіп отырғанда бұлшықеттер жұлыннан омыртқаға өтетін жүйке жүйесін қысады, ауыртып, сезімталдылықты жояды. Бел омыртқадағы жүйке қысылатын болса бел мен аяқта ауырсыну пайда болады.

3. Биік өкшенінің орнына аласа аяқ киім киіңіз

Үнемі биік өкше киіп жүретін болсаңыз, омыртқаға салмақ дұрыс түспегеннен, бел ауруы пайда болуына жол ашасыз. Сондықтан бірде кроссовка, бірде сандал, ал бірде биік өкшелі аяқ киім кигеніңіз жөн.

4. Кітапты жатып оқымаңыз

Кітапты жатып оқу барысында алға қарай иілгендіктен омыртқаның қалпы өзгереді. Дәл сол сияқты ноутбукты да жатып пайдалану зиян.

5. Артық салмақтан сақтану керек

Салмақ қосу белдің айналасындағы дискілерді қинайды. Бүкіл денедегі салмақ белдегі омыртқаға түседі және жүк сол жерден аяқтарға жайылады. Бел ауруының алдын алу үшін артық салмаққа жол бермегеніңіз дұрыс.

6. Депрессия

Ғалымдардың айтуынша, арқасы, белі ауыратын адамдар жабырқау жүреді екен. Терең депрессияға түскен адамның белі, тіпті мойыны да ауыратын көрінеді. Адамда стресс болса, арқаның бұлшықеттері жиырылып, тартылып қалады. Бел ауруынан құтылу үшін, алдымен, депрессиядан құтылу керек.