Спорт

Илья Ильин үлкен спорттан кетеді ме?

Шаршадым,бәрін аяқтаймын, аяқтасам да әдемі аяқтаймын...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық ауыр атлет, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында, Токио 2020 олимпиадасынан алтын алып, карьерасын аяқтағысы келетіндігі туралы армандайтынын хабарлады. 

 

«24 жыл бұрын осы бір қилы жанарлы бала, ағасымен бірге ауыр атлетика спорт залына кірді, кірді де қазіргі уақытқа дейін осында! Оның жеңісті күндері көп болды, әлі де жаңа жетістіктерге жетеріне, мен сенемін. Осы уақытқа дейін оған спорт өмірінде де, қрапайым өмірде де қол ұшын созған және осы уақытқа дейін дені сау болғандығы үшін, туыстары мен жақындарына шексіз алғыс білдіргім келеді. Мүмкін, жазбам үрейлендірер, бірақ бұл фото-суретке қарап, тек осындай ой ғана жанымды мазалайды.

 

Жасым 30-ға келсе де, әлі де залдамын.. Иә, шаршадым... Иә, қаламасам да жасаймын, бірақ спорттағы жолымды Токио алтын медалімен аяқтағым келеді!

Бір рет мен өзімнің алдыма миссия қойған болатынмын, және де осы миссия ізімен келемін. Менің бұл жолмен бара жатқанымның себебі, мен ешкімге мықтылығымды дәлелдегім келмейді, жай ғана миссиямның мақсаты төрт Олимпиада ойындарына қатысу еді. Шаршадым, және бәрін аяқтағым келеді,  аяқтасам да әдемі аяқтаймын. Ал, егер болмай қалса, мейлі, сонда да мен өзімнің спорттағы жолымды бақытты деп анаймын.» - деп жазады спортшы.

Сайып келгенде, осы жылы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы өз орнына Қазақстан чемпионатын ұту арқылы  дисквалификациядан қайтқан болатынмын. Жаттықтырушы клубтың ұйғарымы бойынша, спортшыны Ашхабад қаласында өтетін әлем чемпионаты -2018 қатысуға рұқсат беріпті. Жоспар бойынша, Илья салмақ категориясымен 102 килограмм категориямен қатысады деп шешілген болатын. Бірақ, дәрігерлердің анықтауы бойынша, спортшының омыртқа сүйектерінен ақау табылып, дәрігер оған емделу уақытысында оның чемпионатқа қатспауға кеңес берді.

Осындай қазақ елінің қайтпас батыры барда, ел амандығынан басқа не тілейміз?! Спорт жолында үлкен карьерасын аяқтамақ ойы бар Илья не де болса, осы Токио олимпиадасының алтын медалін алған соң карьерасын аяқтайды. Илья Токиодан соң қуана-қуана үлкен спортқа  «Қош бол!» дейтңн түрі бар. Спорттан кетсе де – тарих беттерінде мәңгілікке таңбаланады. Илья – чемпион!