Саясат

Әлем таныған Елбасыны үндістандықтардың танымауы қалай?

Даңқы шыққан ел едік қой

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасы секілді, Үндістанда "Kaun Banega Crorepati " атты телешоу бар.

Ең қызығы, аталмыш телешоуда  Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сұрақ қойылды. Сұрақ мәнісі  "2019 жылы қай елде елорданың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстырылды?" деп өрбіп, бас-аяғы төрт жауаптан тұрды. Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения. Біз сияқты "жер жаһанға даңқы шыққан елді" ешкімнің білмеуі мүмкін емес еді.

Себебі Елбасымыздың өзі  жастармен кездесуде "Қазақстан да сіздердей жап-жас. Жастығына қарамастан бізді әлем таниды және барлық Мемлекет пен халықаралық ұйымдар мойындаған. Біз бүгінде экономикасы орнықты және тұрақты елміз" деп айтқан жоқ па?! Алайда бағдарлама қатысушысы, сұраққа жауап беруден қиналып, қосымша көмекке жүгінген. Осы орайда әлем таныған Елбасыны, қала берді Қазақстанды  ғылым мен білімді жанына серік еткен Үндістандықтың танымауы қалай, олар отыз жыл отырған президентті  неге білмейді ? - деген көкейде  сұрақ туады екен.

Ақырында арнайы көмектен кейін ғана, маманның жауабы дұрыс болып шығып, ер адам қомақты соманы ұтып алды.

«Адырна» порталы