Саясат

30 жыл елді басқарған президент қайтыс болды

Ол ел тізгінін 1987 жылы қолға алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе 95 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Зимбабвенің мемлекет басшысы Эммерсон Мнангагва мәлімдеді.

- Мугабе азаттық қозғалысының белгісі болатын. Ол – өз өмірін халқын азат етуге және құқығын теңестіруге арнаған африкалық. Оның біздің ұлтымыз бен құрлығымыздың тарихына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды, – деді Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва.

Экс-президенттің отбасындағы дереккөз оның Сингапурдегі ауруханада жақындарының қасында көз жұмғанын хабарлады.

Роберт Мугабе – 1987 жылы ел тізгінін қолға алып, 30 жыл Зимбабвені басқарған басшы. 2017 жылдың қараша айында әскери төңкеріс нәтижесінде Мугабе биліктен шеттетіліп, әскерилер мен "Зимбабве африкалық ұлттық одақ – Патриоттық майдан" партиясының қысымымен отставкаға кетті.