Bugin
Елдің тілегі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бүгінгі Ұлттық кеңес отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан мемлекет басшысына жерді жалға бермеу туралы ұсыныс айтты.
- Тағы бір айта кететін мәселе бар. Ол – жер мәселесі. Сіз жолдауыңызда бұл мәселеге жіті мән беріп, шетелдіктерге жердің сатылмайтынын қадап айтқан едіңіз. Енді халықтың тағы бір тілегі бар. Ол – жерді шетелдіктерге жалға да бермеу туралы ұсыныс, - деді Мұхтар Тайжан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күнгі жолдауында:
- Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді.Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді, - деген еді.