Bugin

Бауыржан Байбек аламан айтыс өтетінін жария етті

Атырау мен Алтайдың арасындағы айтыскерлер жиналады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталатынын жария етті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Айтыссүйер қауымға жариялар сүйінші хабарымыз бар. Таяу күндерде «Nur Otan» партиясының қолдауымен Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталады. Бұл - айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлек мереке. Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халық өнерінің өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жандарға жол ашты. Елбасының тікелей бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» жобасында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында да ұлттық рухани мұрамызды, құнды жәдігерлерімізді, спорттық ойындарымыз бен өнер сайыстарын түгендеп, дамытуға ерекше мән берілген. Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту - біздің стратегиялық басымдығымыз» екені нақты көрсетілген», - деп жазды Бауыржан Байбек.

 Айта кеткен жөн, «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары бұған дейін де айыскерлермен жұмыс жасап, елдің рухын көтеруге, салт-дәстүрімізді жандандыруға атсалысатынын айтқан болатын.