Спорт

Қазақстан мен Кипр тең түсті

Еуро-2020 додасының іріктеу турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Кипр құрамасымен тең ойнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ойынның небәрі 2-ші минутында шабуылшы Алексей Щеткин есеп ашты. Бауыржан Исламхан берген тамаша пастан соң, Ғафұржан Сүйімбаев айып алаңының бел ортасына пас асырды. 

Бір ғана жанасумен Щеткин қарсылас қақпасына допты сүңгітіп жіберді. Ортадағы ойында өз тізгінінде ұстап, қарсыластың адымын аштырмаған отандастарымыз тайм соңына қарай қорғанысқа көңіл бөле бастады. Екі қорғаушымыз Темірлан Ерланов пен Ян Вороговскийді алдап өткен кипрлік ойыншы әріптесіне пас асырып еді, шабуылшы Сотириу бос қақпамызға гол салды. Есеп 1:1. 

Екінші таймда алаң иелері басымдылық көрсетіп, түрлі шабуылдар жасағанымен отандастарымыз тең есепті сақтап қалды. Құрама командамыздың еншісінде енді 7 ұпай. Әзірге турнирлік кестеде үшінші сатыда тұрмыз. Ендігі ойынын еліміздің бас командасы 9 қыркүйек күні Ресейге қарсы өткізеді.

Кипр - Қазақстан - 1:1

Голдар: Пиерос Сотириу (39) - Алексей Щеткин (2)