8 қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні

Ақпарат айдынының бүгінгі батырлары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертеде елдің тату және араз болуы екі арада өткір қызыл тілден суырылып шыққан сөзге байланысты болатын. Ауыздан-ауызға, елден жерге, шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке ауызша шарлаған ақпараттың қазіргі таңда таратылуы оңайырақ. Қолыңыздағы ұялы телефоныңыздың бір ғана батырмасын баса қалсаңыз, шынайы ақпарат та, өсек те, аяң да шыға келеді.

Ақпарат айдыны толассыз сарқырап жатқан мезетте, қарапайым көз кімге сену керек екендігін білмейді. Рейтингті жоғарылатуды маркетингтік мақсат ретінде ұстанатын порталдар да, сайттар да, газеттер де, телеарналар да баршылық. Жаңалықтарды ашып қалсаңыз күніне бір ақпарат шаңырағы дүниеге келеді. Қуанарлық жайт. Дегенмен «аз сөз - алтын, көп сөз - көмір» демекші, ақпараттың саны маңызға ие емес, бастысы сапалы дүние таратса болғаны.

Халықтың қалауын орындауға тырысып, ел алдында жүрген ардақтылардың соңынан қалмай қоятын да журналистеріміз бар. Мұндайда адам бостандығы құқығы бұзылып жатқанын көреміз де, көнеміз.

Дегенмен, Елбасымыз Жолдауында атап өткен «Ашықтық» дәуірі алдымен еліміздің БАҚ жұмысына байланысты. Ел басшыларының сөзін, тәртібін сауатты жеткізу-журналистердің адал міндеті. Қызықты да шығар, бірақ арқалайтын ауыр жүгі де баршылық. Осыған орай 8 қыркүйек-Халықаралық журналистер ынтымағы күнімен барша әріптестерді құттықтай отырып, қаламдарыңыз қарымды болсын деймін.

Мемлекетіміздің дамуына сауатты, табанды үлек қосып, ынтымағымыз нығая берсін! Жазар көп болсын!