Woman

Аналар күні

Бүгін, 7 қыркүйек, аналар күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзінің қуанышынан баласының қуанышын артық қоятын аяулы аналар. Бүгінгі мереке жарты жанын беріп өмір сыйлаған аналарға арналыпты. Неткен керемет күн десеңіздерші! Табиғаттың өзі аналарды құрметтегені соншалық - біраз күн ауа райы қолайсыз еді. Аналар күнінде жадырап сала бергенін қараңыздаршы.

Аналарымызға тек бір күнді ғана арнап қуантпай әрдайым қуантып жүрейік.    

Егерде анаңыз қасыңызда болмаса. Яки сіз анаңыздан жырақ жүрсеңіз қоңырау шалып бүгінгі күнмен құттықтаңыз.

Осы орайда белгілі ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалиннің ана туралы мына бір өлеңін келтіре кеткім келеді:

"Анама хат"

Хатың кепті - сезім мені толқытты.

"Шырағым" деп бақ тілепсің маған шын.

Мейірім де, жылы сөз де мол тіпті,

сезем, ана, ұлың үшін алаңсың.


Көктем кепті, біздің жаққа жыр кепті,

жан тербейтін жаңалық та баршылық.

"Алдым, депсің, түнеу күнгі суретті,

сағыныштың теңізіне малшынып".


Арып-ашып, махаббатың бірге ұшып,

ауыл тегіс хатпен бірге жүргендей;

былтырғы жыл інім баққан сүр күшік

қора жақтан төбет болып үргендей.


толқып бәрін толтырыпсың бір бетке,

көркем де емес, көлемі де көп емес.

Ақпан...

Аяз...

Шөп таситын "дірдектеп",

балдай тәтті бала күнім боп елес.


Ұмыттым да қала шуын, дүрмекті,

мен де асығыс жауап жаздым қысқалау.

Көктеп кепті...

Біздің жаққа жыр кепті,

Сағыныштан көңіліме түсті алау.