Bugin
Оқиға Павлодар қаласының халық шоғырланған көшелерінің бірінде болды
Оқиға орнында болған куәгерлер көріністі видеоға түсірген. Видеода оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жұмыс жатқандығы байқалады.
Куәгерлердің айтуынша, микроавтобустың салонындағы терезелердің бірі оқ тиіп сынған.
- Полицияға сағат 08.40 шамасында Малайсары батыр көшесінде белгісіз біреу бұзақылық ниетпен оқ атып жатыр деген қоңырау түскен. №153 микроавтобусында пневматикалық қару болған жоқ, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде оқ атушының кім екенін анықтай алды.