Саясат
Наразылықтар кейде оң әсер етеді
Ресей президенті Владимир Путин жаппай наразылықтар оң нәтиже де бере алатынын, сол арқылы билікке серпіліс әкелуге болатынын, алайда жастар барлығына наразылық білдіре бермей, конструктивті нәрселерге көбірек назар аударулары керек екенін айтты, деп хабарлады “RT.COM” ақпараттық сайты.
5 қыркүйек, бейсенбі күні Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында (ЭЭФ) сөйлеген сөзінде Владимир Путин Ресей астанасы мен бірнеше басқа ірі қалалардағы жаппай наразылық шараларына қатысты өз ұстанымын білдірді.
- Мен наразылық шаралары арқылы адамдардың өз көзқарастарын білдіруге құқығы бар деп санаймын. Кейде бұл оң нәтиже әкеледі, өйткені ол билікті сілкіп-сілкіп алады, - деді Путин.
- Алайда наразылық "белгіленген ережелер мен заңдар аясында" жасалуы керек және олар бүлгіншілік сипатта емес, конструктивті сипатта болуы тиіс. Жақында өткен наразылық шараларына қатысқан көптеген жастардың “позитивті көзқарасы” болды, және бұл адамдардың кейбіреуі үлкен саясатқа араласуы мүмкін ,- деді Путин сөзін толықтырып.
Сонымен бірге Ресей басшысы наразылық білдірушілер, әсіресе, жастар наразылық білдірудің орнына, энергиясын демографиялық жағдайды жақсарту сияқты басқа нәрселерге жұмсау керектігін айтты.
Естеріңізге салақ, жақында кейбір оппозиция қайраткерлеріне алдағы жергілікті сайлауға қатысуға тыйым салынғаннан кейін жаппай наразылық акциялары өткен болатын. Науқан барысында ықтимал кандидаттарды заң бұзушылықтарға қатысу құқығынан айырды, бірақ оппозиция билік оларды әдейі нысанаға алды және демократияны таптап отыр деп айыптады.
Наразылықтар шараларының кейбірі билік тарапынан мақұлданбады және полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс туындады. Заңсыз жиналыстарға қарсы наразылық шаралары кезінде Мәскеуде 2000-нан астам адам тұтқындалды. Аздаған адамдар полицияға шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейбірі түрмеге жабылды.