Weekend

Бүйректал неткен жер еді?!

Табиғаты жанға жылу сыйлар Бүйректал ауылына білдірген құрметімді өлеңмен жеткіздім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табиғатын жеткізуге сөз бар ма?

Тұмса болмыс.

Жазса ақын,

Кете бермек дастанға.

Ақындарға өр құдірет, 

Шабытпенен дарытқан.

Қойнауына ғажап дүние,

Жасырған.

Бұл ауылда қалаға бермес,

Сыр қалған.

Жаңғырған көгал,

Жусанның иісі аңқыған.

Сарыала қаздар,

Қаңқылдап ұшып аспаннан.

Көлдерінен қос аққу көкке ұмтылған,

Қанатымен сызғылап аспан бұлттарын.

Қиқуға басып,

Бүйректалды ән қылған.