Спорт
Футбол мәселесі
Қазақстан құрамасы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келеді. Алайда ұлттық құраманың халықаралық дәрежедегі турнирлердің іріктеу кезеңінде ойнап, ақтық кезеңіне шықпауы көңілге қаяу түсіреді.
Тәуелсіздік алған тұстан бастап, бірде-бір рет құрлықтық немесе әлемдік деңгейдегі турнирлерде ойнамаппыз. Сонау 2002 жылы УЕФА қатарына қосылғаннан кейін де бұл жағдай өзгеріссіз қалды.
Еуропаның үздік футбол командаларымен болған ойындарда, көбінесе, ірі есеппен ұтылып жүрміз. Жә, айтпағым ол емес, тақырыпқа оралайық.
Қазіргі кезде құрама Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінде ойнап жатыр. Бізбен бірге бір топта: Бельгия, Ресей, Кипр, Шотландия, Сан-Марино құрамалары өнер көрсетуде.
Ресеймен болған алғаш ойында, өз алаңымызда 0:4 есебімен ұтылдық.
Тарихқа көз жүгіртсек:
2008 жылы жолдастық кездесу:
Ресей-Қазақстан 6:0
2015 жылы жолдастық кездесу:
Ресей-Қазақстан 0:0
Көріп отырғанымыздай, ұлттық құрамамыз осыған дейін Ресеймен 3 ойын өткізіп, бірде-бір доп салмаған.
Кезінде Германия, Түркия, Сербия сынды алпауыт командалардың қақпаларына гол салып жүрген жігіттеріміз көршілес Ресейдің қақпасына гол сала алмағаны ма? Әлде бұл жерде біз білмейтін гәп бар ма?
Қарасаңыз, бокс, хоккей, баскетбол және өзге де спорт ойындарында Қазақ елінің құрамасы не спортшылары ресейлік тараппен кездескенде, ұтып жатса да, ақыр соңында жеңіліп қалады. КСРО кезінде де сондай жағдайлар орын алған. Қазақ спортшыларының бағын байлап, жүлделі орындардан қалыс қалдырған.
Ертең, 9 қыркүйекте, Еуро-2020 іріктеуінің кезекті ойындары өтеді. Ресей өз алаңында Қазақстанды қабылдайды. Ресей әзірге 2-орында келе жатыр.
Көрейік, не боларын. Алайда, менің ойымша, ұлттық құрамамыз тағы да жеңіліп, Ресей ұпайының көбеюіне себепші болады.