Саясат

Гонконгтағы наразылық білдірушілер Трамптан көмек сұрады

АҚШ араласа ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконгтағы наразылық акциясына қатысушылар АҚШ президенті Дональд Трамптан қаланы құтқаруды өтінді. Бұл туралы Reuters хабарлайды. 

Наразылық акциясы барысында демонстранттар америка жалауы мен демократиялық ұрандары бар плакаттарды алып жүрді. Сондай-ақ олар "Еркіндік үшін күресіңіз, Гонконгты қолдаңыз" және "Пекинге қарсы тұрыңыз, Гонконгты босатыңыз" деген ұрандарды айтты.

- АҚШ Қытаймен сауда соғысын жүргізіп жатқанда, біз оларға, қытай ықпалындағы топтар Гонконгтағы адамдардың құқықтарын бұзатынын және полицейлік қатыгездікке ықпал ететінін көрсетуімізге жақсы мүмкіндік туып отыр, - деп хабарлады журналистерге наразылық білдірушілердің бірі.