Bugin

Башит Қарабалаевтың ісі: Қазақ елшілігі неге үндемей отыр?

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына сызат түсіргісі келмей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 қыркүйек күні Ресей БАҚ-тарында Ресей Орталық сайлау комитетінің төрағасы Элла Панфилованың үйіне бөтен біреудің басып кіріп, оны электрлі шокермен ұрып қашып кеткені жайлы хабар тараған болатын.

Елдің құқық қорғау органдары күдіктіні сол күні-ақ ұстап, ертеңінде ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеме жасаған еді.

- Қарақшылық шабуыл жасаған – Орталық Азиядағы республикалардың бірінің азаматы. 1983 жылы туған, - деді Волк.

Кейін бұқаралық ақпарат өкілдері күдіктінің Қазақстан азаматы, есімі – Башит Қарабалаев екендігін мәлім етті. Ресейдің құқық қорғау органдары оның қолында төлқұжаты жоқ екендігін, осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалтып алып, қазір орманда өмір сүріп жатқанын айтқан. Ал күдіктінің «үйге тамақ іздеп кірдім» деп жауап берген.

Башит Қарабалаевтың өзі

Қазақстан елшілігі болса, бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Егер Башит Қарабалаев қазақ елінің азаматы болып шықса, онда қазақ елшілігі оның құқығын қорғауға кірісетін еді. Бірақ тым-тырыс.

Ал Ресейдің ресми органдары Қарабалаевтың қазақ елінің азаматы екендігін нақты айтқан жоқ, тек «Орталық Азия елінің азаматы» деп қысқа қайыра салды. Оны «Қазақстан азаматы» қылып шығарып отырған – ресейлік БАҚ-тар.

Элла Панфиловаға жасалған қастандықты ресейліктердің өзі «қолдан жасалған факті», «өтірік» деп баға беріп отыр.

- Элла Панфилованың өзі «мені электрлі шокермен» соқты деп айтып отыр. Алайда құқық қорғау органдары шокер істемейтіндігін айтқан еді. Осы жерден-ақ оқиғаның қалай «жоспарланғанын» байқаймыз, - дейді оппозиция өкілі Алексей Навальный.  

Оппозиционердің ойынша, бұл оқиға қазір Ресейде өтіп жатқан заңсыз сайлаудың «алдын алу» мақсатында жасалып жатқан ақпараттық соғыс қана. Елдің назарын аударудың тәсілі ғана.

Мұны да іштей сезіп отырған қазақстандық билік орыс әріптесерімен арадағы байланысқа сызат түсіріп алмас үшін «өз азаматын» қорғауға кіріспей отырса керек.