Bugin
Қос қызмет бірге ме?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы, журналист Берік Уәли президент телерадиокешенінің директорлар кеңесінің төрағасы атанды, деп хабарлайды "ҚР президентінің телерадиокешені" КЕАҚ баспасөз қызметі.
- "ҚР президентінің телерадиокешені" КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли сайланды, – делінеді хабарламада.
1977 жылы Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында дүниеге келген Берік Уәли еңбек жолына 1997 жылы «Таң» телеарнасында репортер болып бастаған. Кейін «НТК», «31 арна», «Хабар» телеарналарында жұмыс істеген.
Тоқаевтың баспасөз хатшылығына дейін Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет атқарған еді.